«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Экология министрі мен облыс әкімі Бестамақ ауылы тұрғындарымен кездесті

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысына келген сапарында Алға ауданының Бестамақ ауылындағы шошқа фермасына барды.
Ауыл белсенділері ферма жұмысының қоршаған ортаға тигізіп жатқан зияны, экологиялық талаптардың бұзылуы туралы баяндады.
Министр Мағзұм Мырзағалиев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин шаруашылық мекемесіне қатысты тексеру қорытындыларын жеделдетіп, мәселенің заң аясында орынды шешілуіне бірлесе ықпал жасайтындарын жеткізді.

— Біз жағдайдан хабардармыз, түсірген барлық видеоларыңызды көрдік. Өңірлерде не болып жатқанын білеміз. Мәселені заңды түрде аяғына дейін жеткізу керек. Біз тексеру процестерін жеделдетуге атсалысамыз,— деді министр.
Жергілікті халық мәселенің шешілуіне өз тараптарынан барынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
— Жерлестеріміздің талап-тілектері орынды. Осы мәселе көтерілген күннен бастап, ауыл тұрғындары сабырлық танытып, түсіністікпен қарап келеді. Шошқа фермасы бағытын өзгертуі керек немесе жұмысын тоқтатуы қажет. Дегенмен, бұл бір күннің шаруасы емес, қазір құзырлы мекемелер тарапынан қажетті шаралар қабылданып, жұмыстар жүріп жатыр,— деді облыс басшысы Оңдасын Оразалин.
Айта кету керек, өткен жылы қараша айында Бестамақ ауылының тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап еткен болатын. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде лас шығарындылардың шамадан тыс көлемі және қалдықтары көму, өндірістік суды рұқсатсыз төгу деректері үшін фермаға 7 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды. Қазіргі уақытта сот процестері жалғасуда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚ ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Зейнеткерлер мен студенттер 42 500 теңге әлеуметтік төлем ала ма? Маңызды 18 сұраққа жауап

admin_mugalzhar

6 айда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 347 мыңнан астам адам қатысты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.