КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ҮЙ АЛУҒА ҚАРЖЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

0
70

Осы уақытқа дейін көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы күрделі мәселенің сәл де болса күрмеуінің шешілуіне мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының тигізіп жатқан үлесі зор.

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Асан Садықовтың берген мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы аналарға үй сатып алу үшін республикалық бюджеттен 42 млн. теңге қаржы бөлініп, үш бөлмелі жеті пәтер көпбалалы отбасыларға табысталған. – Осы жылы да жоғарыда аталған бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 33,4 млн қаржы бөлінді. Қаржыға 4 пәтер сатып алуды жоспарлап отырмыз. Пәтерлер кемінде 3 бөлмелі болуы керек. Сонымен қатар тұрғын үйдің жалпы алаңы 60 шаршы метр, ал тұрғын алаңы 40 шаршы метрден кем болмауы тиіс, – деді бөлім басшысы.

Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ