«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

COVID-19: ҚАУІП СЕЙІЛГЕН ЖОҚ

Соңғы аптаның көрсеткіштеріне көз жүгіртсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап көбейіп барады. Тіпті кейбір өңірлер «қызыл» аймаққа кіріп, карантин шаралары күшейтілуде. Ал Ақтөбе облысы 22 наурыздағы бағалау матрицасына сәйкес «сары» аймаққа кірді. Облыстық санитариялықэпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының мәліметінше, 27 наурыз күні бір тәулікте 62 адамнан індет анықталып, аурушаңдықтың өсу деңгейі 1,3%-ды құраған. Ал ауданның бүгінгі жалпы эпидемиологиялық ахуалы туралы Мұғалжар ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Болатбек Шағалбаев баяндады.

АУДАН БОЙЫНША КОРОНАВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ ҚАНША ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ?

2021 жылдың басынан барлығы коронавирустыинфекцияның 48 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 13-і клиникалық симптомдары бар, 35 адам клиникалық симптомдары жоқ науқастар. Айларғабөліпайтатын болсам, қаңтар айында коронавирусты инфекцияның нақтыланған вирус сәйкестендірілген 20 жағдайы, COVID-19 белгілерібарпневмонияменсырқаттанушыларсаны — 10, ақпан айында коронавирусты инфекцияның нақтыланған вирус сәйкестендірілген 13 жағдай, COVID-19 белгілерібарпневмониямен сырқаттанушылар саны -10, ал наурыз айында коронавирусты инфекцияның нақтыланған вирус сәйкестендірілген 16 жағдай, COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар 7-еу болды. Осы көрсеткіштерге қарап отырып, соңғы уақытта аурушаңдықтың өсуін байқауға болады. Сонымен қатар мереке күндері яғни 20 наурыз бен 25 наурыз аралығында коронавирусты инфекцияның нақтыланған вирус сәйкестендірілген 4 жағдай, ал 5 адам COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққандығы анықталды.

КАРАНТИН ШАРТЫН БҰЗҒАНДАРҒА ҚАНДАЙ ШАРА ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін бақылаудан өткен нысандар бойынша, мониторингтік топ пен жергілікті полиция қызметінен өсу ретімен 66 іс құжаттары келіп түсті, оның 61-іне қысқартылған іс жүргізу тәртібінде, 2- уіне толық көлемде әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде дүкендер-33, киім және тұрмыстық дүкендер-4, монша-1, көлік жөндеу орны-1, донер, суши-7, кафе-4, көлік жуу орталығы-1, жеке медициналық орталық-2 және 4 мейрамханада 5 той жүргізу фактілері анықталып, 5 жеке кәсіпкер, 5 жеке тұлғаға айыппұл салынды. Карантин режимін бұзғаны үшін 425 баптың 1 тармағы бойынша жеке тұлғаларға 30 АЕК (87 510 теңге), кәсіпкерлік субъектісіне 230 АЕК (670 910 теңге), орта кәсіпкерлік субъектісіне 300 АЕК (875 100 теңге) және ірі кәсіпкерлікке 1 600 АЕК (4 667 200 теңге) көлемде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салынады. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап, осы уақытқа дейін жалпы көлемі 7 965 930 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндірілді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар жанынан ұйымдастырылған мобильді топтар тарапынан кәсіпкерлік объектілерінде шектеу карантиндік шараларын сақтау бойынша мониторингтің күшейтілетінін еске саламын.

ТАЛАПТАР ҚАТАҢДАТЫЛА МА?

Ақтөбе облысының бас санитариялық дәрігерінің жоғарыда айтып өткен қаулысына сәйкес адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, мерекелік корпоративтерді, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде, сонымен қатар ас беруге, банкет залдарының қызметіне, жексенбі күндері сауналардың жұмысына, ойын-сауық мекемелерінің, жабық үй жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар, букмекерлік кеңселердіңжәнелотоклубтардың, оның ішінде лоторея ұтыстарына, кезекші топтардықоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне, бастауыш орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру, орта және жоғары оқу орындарындағы асханажұмысына қатаң тыйым салу жалғастырылуда.

ІV ТОҚСАНДА ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ ЖАППАЙ БАРА МА?

Ақтөбе облысының бас санитариялық дәрігерінің биылғы жылдың 22 наурыздағы қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының білім басқармасына, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне 2017 жылдың 16 тамызындағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын сақтай отырып: контингенті 300 оқушығадейін, сыныптардағы балаларсаны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуды, жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда 25 оқушыдан аспайтын, халықаралық мектептерде 1-ден 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, 25 оқушыдан аспайтын аралас оқытуды, оқу бітіретін сыныптар (9,11-сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға рұқсат берілген болатын. Алайда 1 сынып-1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуатының 30%-ынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін қатаңдату негізінде оқушылар ІІІ тоқсанды аяқтаған болатын. Ал ІV тоқсанда оқушылардың мектепке баруы ауданның эпидахуалына байланысты болмақ.

«САРЫ АЙМАҚҚА» КІРУ ҚАУПІ БАР МА?

COVID-19-бен сырқаттанғандар саны күнбе-күн артуда, ал жақында Ақтөбе облысының өзінде аурудың өршуіне барлығымыз куәгер болып отырмыз. Бұл — барлығымыз үшін көңіл аударатын маңызды мәселе болып отыр. Осыған байланысты 2021 жылдың 22 наурызында Ақтөбе облысының бас санитариялық дәрігерінің №ПГСВ-10 «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысы қабылданды. Қаулы бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Шектеу шараларының орындалуы бойынша басқарманың тарапынан қадағалануда. Ауданда мониторингтік топтың жұмысы, сонымен қатар үй карантинінде отырған тұлғаларды бақылау жұмыстары күшейтілді. Біздер тым ерте босаңсып, адамдар көп жиналатын тойлар мен іс-шараларды жүргізу үшін әлі тым ерте екенін естен шығарып отырмыз. Көктем мезгілінде болған карантин шараларының қайталануын ешкім қаламайтынына сенімдіміз. Тек қана қатаң түрде санитарлық талаптарды, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтағанда және ең бірінші кезектеәразаматтыңжекежауапкершілігі ауданның «сары аймаққа» енгізілуінен сақтайды.

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ?

Сақтық және қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары тоқтаған жоқ. Қазіргі таңда қарқынды түрде жүргізілуде деуге болады. Адамдар байланысын азайту, яғни көп шоғырландырмау мақсатта қазіргі таңда медициналық қызметкерлер, ұжымдасқан топтармен жұмыс жасайтын мекемелерменсеминарлар Zoom видеоконференция байланысы арқылы ұйымдастырылып, жүргізілуде. Жүргізілген іс-шаралар бойынша ақпараттар әлеуметтікжелілергежәне веб сайттарға жариялануда. Апта сайын перзентхана бөліміндегі жас аналар арасында және әйелдер кеңесі, отбасын жоспарлау мектебінде болашақ аналар арасында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіледі. Бұлжұмыстар (дәрістер, бейнероликтер, жадынамалар, т.б.) әлеуметтік желілер арқылы және аудандағы жалпы білім беретін мектептер мен бөбекжай-бақшалардың ақпараттық сайттарына жариялануда. Аудан тұрғындарын эпидемиологиялық ахуалға байланысты ақпараттандыруда «Мұғалжар» газетінің редакция ұжымы да белсенділік танытуда.

ӨҢІРДЕ ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚАНША АДАМҒА ЕКПЕ САЛЫНДЫ?

2021 жылдың 11 наурызында аудан көлемінде короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаужұмыстары басталды. Екпені бірінші кезекте инфекциялық бөлім, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қарқынды терапия бөлімі, медициналық санитариялық алғашқы көмек, ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері алды. Ал екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта оқу орындарының педагогтері егілетін болады. Ал үшінші кезеңде мектеп-интернаттар, балалардың мектепке дейінгі мекемелер педагогтері, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар вакцинацияланады. Бүгінгі күнге аудан бойынша 335 адам коронавирусты инфекцияға қарсы екпемен қамтылды. Оның ішінде 315 медициналық қызметкерлер, 4 санитарлық-эпидемиялық қызметкерлер, 7 педагог, 3 мемлекеттік қызметкер, 6 созылмалы аурулары бар адамдар. Вакцинация — коронавирусты инфекцияның алдын алудың бірден бір жолы деп айта аламын. Коронавирус инфекциясы ағзаны әлсіретіп, адамның көптеген дене мүшесін зақымдайды, созылмалы аурулар асқынады. Сол себепті ауырмаудың жолын таңдағанымыз жөн. Тұрғындардың 85-90 пайызы екпе қабылдаса, ұжымдық иммунитетіміз қалыптасып, ауруды жеңіп шығуға мол мүмкіндігіміз бар.

МАСКА РЕЖИМІ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?

Біз үшін әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау аса маңызды. Барлық адамдар көшеге шыққанда да, жұмыс орнында да маска тағып жүруге, отыруға міндетті. Жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде, дәмханаларда, спортпен шұғылдану кезінде және басқаларында кию керек. Сонымен қатар айта кететін бір жайт, бір кабинетте 5 адам отырып жұмыс жасайтын болса, оларда масканы тағып отыруға міндетті. Себебі олар күнделікті жан-жаққа барып, бірнеше адамдармен қарым-қатынаста болғаннан кейін қауіпті топқа жатады деуге болады. Сондықтан сақтанған артықтық етпейді. Маска тақпағаны үшін тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде жазылған. Карантин шараларын бұзған жағдайда айыппұл салынады. Бүгінгі таңда масканың жетіспеушілігі жоқ деуге болады. Кез келген дәріханалар мен дүкендерде қолжетімді бағамен сатылуда.

Сұхбаттасқан Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

Қазақстанда кімдер өзін банкрот деп жариялай алады

admin_mugalzhar

Президент сайлауы: үгіт-насихат жұмыстарына неше күн беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.