«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕРЕЙТОЙЛАР ЖЫЛЫНДАҒЫ МЕРЕЙЛІ ІСТЕР

Шығармашылықты дамыту, ұлы тұлғалардың өмірін насихаттау, өнер адамдарын бағалау мақсатында Мұғалжар аудандық мәдениет үйінде жыл басталғалы әр түрлі форматтағы түрлі шаралар өткізіліп келеді.

Әрине, елдегі эпидахуалға байланысты кейбір жоспарлар кейінге шегеріліп, өзгерістер орын алды, шаралар онлайн форматқа ауысты. Аудандық мәдениет үйінің инста-парақшасы арқылы тікелей эфирден концерттік бағдарламалар көрермендерге жол тартып отырды.

— Жалпы, жыл басталғалы аудандық мәдениет үйі еліміздегі ахуалға қарамастан өз жұмысын тоқтатпай келеді. Ұлттық дәстүрлі өнерді жас ұрпақтың бойына сіңіртіп жүрген, өнер өлкесінде өз үлесін қосқан, әншікомпозиторлармен кездесусұхбаттар ұйымдастырылды. Мәселен, Тельман Ермағамбетов, Эрнст Исмағанбетов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, жергілікті ақын-жазушыларымыз — Жұбаныш Тағыбергенұлы мен Құрал Байсұлтанов, ардагер кітапханашы Ғалияш Жанесовамен онлайн-кездесу тікелей эфир арқылы өткізілді. Бұдан бөлек елеулі күндер мен танымал тұлғалардың мерейтойлары да назардан тыс қалмады. Соған орай биыл жалпы «мерейтойлар жылы» деп айтылған болатын. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, облыстық халық шығармашылығы орталығының 60 жылдық мерейтойына арналып жыр дүлділі, ғасыр ақыны — Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Байқаулар жас буындар арасында өткізілді. Себебі жас ұрпаққа өткенді дәріптеу біздің парызымыз деп түсінемін. Аудандық мәдениет үйінде алғаш рет ЛЭД экран арқылы 20 жыл бұрын құрылған «Халықтық» театрының слайды көрсе-тілді. Ауданда тұңғыш рет ашылған театр құрметіне «Жастар» театры Марк Баджиевтің «Махаббат жағалауы» қойылымын қойып, көрермендерді тәнті етті. Аудан бойынша Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау онкүндігі ауылдық мәдениет ошақтарында офлайн форматта аталып өтсе, онкүндік аясында ұйымдастырылған «Амал мерекесі», «Шежіре күні», «Тарихқа тағзым», «Шымырлық пен шеберлік» және Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік шараның барлығы шектеу шараларына байланысты онлайн өткізілген болатын. Аудан тұрғындары мен қонақтарының ыстық ықыласына бөлене білдік. Бәрі өз дәрежесінде жақсы өтті. Енді жағдай тұрақталып, реттелсе, ашық аспан аясында өтетін мерекелік шараларымыз көп болады деп сенемін, — дейді Мұғалжар аудандық мәдениет үйінің директоры Алмат Сматов.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев әкімдер сайлауы туралы заңға қол қойды

admin_mugalzhar

Ауасы ең лас Еуропа қалалары анықталды

admin_mugalzhar

Оқу ақысын төлей алмай отырған студенттерге жеңілдік жасалды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.