«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2021 жылы Қадір түні қашан болады?

2021 жылы қасиетті Қадір түні мамыр айында болады. Мұсылмандар асыға күтетін уақыт Рамазан айы болса, қасиетті түн — Қадір түні. Бұл күні барша жамағат дұға етіп, кешірім тілейді.

2021 жылдың 8 мамырынан 9 мамырға қараған түні Қасиетті қадір түні. Қадір түні Рамазан айының соңғы он күніне сәйкес келеді.

Айдың 27-күні Қадір түні болуы мүмкін. Ал соңғы он күнді құлшылықпен өткізіп, дұға етіп, кешірім тілеп, Қадір түніндей өткізген абзал.

Қадір түнінде жел соқпайды, ауа райы жағымсыз болмайды. Қадір түнінде мұсылман қауымы ғұсыл дәретін алып, мешітке барады. Жамағатпен намаз оқып, уағыз тыңдайды. Енді бірі үйінде отырып, құлшылық етеді. Бұл түні адамның бір жылғы тағдыры жазылатыны айтылған. Сондықтан Қадір түнінде намаз оқып, Құран сүрелерін оқып, Алладан кешірім тілеп, береке тілеп, уақытын сауапты іске арнағаны абзал.

Бұл түні адамға бір жылғы береке-несібесі, байлығы жазылатыны айтылады.

Қадір түні кешкі ауыз ашқан сәттен бастап, таңғы ауызашар уақытына дейін жалғасады.

Кейбіреулер Қадір түнін Қыдыр атамен шатастырады. Алайда бұл күні Қыдыр ата ел араламайды. Көктен періштелер түседі. Дұға еткен адамның тілегін Аллаға жеткізеді. Бұл түні періштелердің саны жер бетіндегі тастардың санынан көп болатыны айтылған.

Ұқсас ақпараттар

«Канело» DAZN мен Golden Boy-дан кетті. Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан болады?

admin_mugalzhar

Қазақстанда карантин жеңілдеді: 28 тамыздан бастап не өзгереді?

admin_mugalzhar

«Ақтөбе жастары» Бірегей бағдарлама бойынша 40 жас іріктеуден өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.