«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

21 АДАМ АУРУХАНАДА ЕМ АЛУДА

Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның нақтыланған вирус сәйкестендірілген жағдайы тіркелмеген. Ал COVID-19 белгілері бар пневмонияға бір адам шалдыққан. Үй карантинінде қоңырау шалу арқылы науқастармен қарым-қатынаста болған 172 адам медициналық бақылауда.

Өткен жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның 387 жағдайы тіркелді. Бүгінде жазылып шыққан науқастардың пайыздық үлесі 81,6 пайызды құрайды. — Бүгінгі таңда аудан бойынша инфекциялық бөлімдерде коронавирусты инфекциясы диагнозымен 11 адам, ал коронавирусты пневмонияға шалдыққан 10 адам ем қабылдауда. Науқастардың жағдайы тұрақты. Барлық науқастардың үй және жұмыс ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен алдын-ала және індетке қарсы шаралар жүргізілуде. Ауданда тіркелген жағдайларға байланысты, коронавирусты инфекцияның алдын алу және оның таралуын болдырмау мақсатында аудан тұрғындарынан сақтық шараларын қатаң сақтауларын сұраймыз, — деді ауданның бас санитариялық дәрігері Болатбек Шағалбаев.

Н. ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Суданда 720 мың адам су тасқынынан зардап шекті

admin_mugalzhar

АЛТЫНДЫ АУЫЛЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы 2023 жылдың соңына дейін рекордтық 1,1 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

admin_mugalzhar