Қазақстан Интернет жылдамдығы бойынша нешінші орында?

0
194

SpeedTest Global Index мобильді интернет жылдамдығы бойынша жаһандық рейтингте Қазақстан бір ай ішінде бірден 9 тармаққа – 95-ші орыннан 86-шы орынға көтерілді. Енді Қазақстан Армениядан кейін ЕАЭО мен Орталық Азияда көш бастап тұр, – деп хабарлайды FinProm.kz.

ЕАЭО және ОА елдері арасында рейтингте Қырғызстан (8), Беларусь (5) және Өзбекстан (4) айтарлықтай өсімді көрсетті. Сондай-ақ, позициясын Тәжікстан (3) және Ресей (1) жақсартты, ал Армения өткен аймен салыстырғанда рейтингте 4 орынға төмендеген.

“Қазақстанда 2021 жылдың сәуірінде мобильді интернет жылдамдығы секундына 27,01 мегабит – өткен айға қарағанда 22,5 пайызға жоғары және былтырғымен салыстырғанда бірден бір жарым есе жоғары. Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша жаһандық рейтингте 86-шы орынды иеленді, ал бір ай бұрын 95-ші, ал бір жыл бұрын 103-ші орында болған”, – деп жазады сарапшылар.

Олардың мәліметі бойынша, мобильді интернет жылдамдығы бойынша БАӘ (секундына 190,87 мегабит), одан кейін Оңтүстік Корея (секундына 186,06 мегабит) және Катар (секундына 181,43 мегабит) көш бастап тұр.

“ЕАЭО және ОА елдері арасында Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы секундына 29,38 мегабит болатын Армения ғана (82-ші орын) жол берген. Басқа елдер: Ресей секундына 26,86 мегабит жылдамдықпен 87-орында, Қырғызстан секундына 24,51 мегабит жылдамдықпен 93-орында.

Беларусь, Өзбекстан және Тәжікстан позицияларының жақсаруына қарамастан, жаһандық рейтингте тиісінше 119, 124 және 127-орындарды иеленіп отыр”, – деп толықтырды мамандар.

Қазақстанда интернетке қолжетімділігі бар ұялы байланыс абоненттерінің саны 2021 жылы сәуірдің басында 16,1 миллион болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,4 пайызға артық. Оның ішінде 15,9 миллион абонент (оған қоса жылына 9,5 пайыз) жоғары жылдамдықты кең жолақты қолжетімділікті пайдалана отырып, Интернетті қолдана алады.

Жоғары жылдамдықты кең жолақты мобильді интернеті бар ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы соңғы жылы 100 адамға артқан.