«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СОҒЫЛДЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

КЕШЕ АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ 531 ТҮЛЕК ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ. ЖАЛПЫ АУДАНДАҒЫ 37 МЕКТЕПТЕ 2020- 2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 12 326 ОҚУШЫ БІЛІМ АЛДЫ. 998 ОҚУШЫ 9- СЫНЫПТЫ БІТІРІП, 5 516 БҮЛДІРШІН БАСТАУЫШ СЫНЫППЕН ҚОШТАСТЫ. САЛТАНАТТЫ ШАРА 9 ЖӘНЕ 11 СЫНЫП БІТІРУШІЛЕРІ ҮШІН АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ ҚАТАҢ САҚТАЙ ОТЫРЫП, 45 МИНУТТАН АСПАЙТЫН УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛДІ.

Салтанатты шара 9 және 11 сынып бітірушілері үшін ашық аспан астында санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 45 минуттан аспайтын уақыт аралығында өткізілді. Жиынға қатысуға түлектердің туыстарының біреуіне ғана рұқсат берілді.

— 25 мамыр күні аудандағы барлық мектепте соңғы қоңырау рәсімі өтті. Осы уақытқа дейін дәстүрліформаттаоқып келген ауыл мектептерінің оқушылары соңғы қоңырау кешін ашық аспан аясында өткізсе, ал қашықтан оқыған қала мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына аттестат табыстау рәсімі далада өтті. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша, ауданда 9-сынып бітірген 115 оқушы Үздік куәлікке үміткер. Ал 11- сынып бітіруші 531 түлектің 492-сі ҰБТ тапсыруға ұсыныс білдірді. 63 оқушы Алтыннан, 27 оқушы Үздік аттестаттан үмітті, — деді білім бөлімінің басшысы Ғайни Нұрсұлтанова.

Бөлім басшысының айтуынша, биылғы оқу жылында 1368 балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын көрінеді. Сондай-ақ мамыр айының соңында жазғы мектептер ашылып, ол жерде білімін толықтырғысы келген балалар оқиды.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Әлімбет ауылындағы газ құбыры пайдалануға берілді

admin_mugalzhar

ВАШИ ПОДВИГИ В ПЕСНЯХ ВОСПЕТЫ

admin_mugalzhar

Елбасының «Абай аманаты» мақаласы жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.