Қазақстандықтар маусым айында қай елдерге ұша алатыны белгілі болды

0
252

Маусым айында “Эйр Астана” компаниясы Қазақстан мен Черногория арасында рейстер ашуды жоспарлап отыр

Маусым айында қазақстандықтар 13 елге ұша алады.

Алдағы айда Қазақстаннан он үш елге 43 бағыт бойынша аптасына 122 рейс орындалады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қазақстандықтар мына елдерге бара алады:

Түркия

  • Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл, Түркістан – Ыстамбұл, Алматы – Ыстамбұл, Шымкент – Ыстамбұл, Алматы – Анталья;

Біріккен Араб Әмірліктері

  • Нұр-Сұлтан – Дубай, Алматы – Дубай, Нұр-Сұлтан/Алматы/Атырау/Ақтөбе/Қарағанды/ Шымкент/Ақтау/Орал – Рас-эль-Хайм, Алматы-Шарджа;
  • 25 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан – Абу-Даби, ал 26 маусымнан Алматы – Абу-Даби;

Өзбекстан

  • Нұр-Сұлтан –  Ташкент, Алматы – Ташкент, Ақтау –  Үргеніш, Алматы – Самарқанд;

Ресей

  • Нұр-Сұлтан – Мәскеу, Алматы – Мәскеу;

Қырғызстан

  • Алматы – Бішкек, Түркістан – Бішкек;

Беларусь

  • Нұр-Сұлтан – Минск;

Украина

  • Нұр-Сұлтан – Киев, Алматы – Киев;

Германия

  • Нұр-Сұлтан/Алматы – Франкфурт, Орал –  Франкфурт, Атырау – Франкфурт;

Грузия

  • Алматы – Тбилиси, Нұр-Сұлтан – Кутаиси, Ақтау – Кутаиси және Атырау –  Кутаиси;

Тәжікстан

  • Алматы – Душанбе;

Оңтүстік Корея

  • Алматы – Сеул;

Египет

  • Нұр-Сұлтан – Шарм-эль-Шейх, Алматы – Шарм-эль-Шейх.

Сонымен қатар, маусым айынан бастап “Эйр Астана” әуе компаниясы Қазақстан мен Черногория арасында рейстер орындауды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, азаматтар 9 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан – Подгорица, ал 10 маусымнан Алматы – Подгорица бағытында ұша алады.

sputnik.kz