«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Коронавирустан тез айығудың жолы анықталды

Оксфорд университетінің ғалымдары астмаға арналған ингаляторты қолдану коронавирустан едәуір тез айығуға көмектесетінін мәлімдеді. Зерттеуге қатысушылардың бірі, профессор Ричард Хоббс бұл жаңалықты «пандемия үшін маңызды кезең» деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар зерттеу жүргізіп, астмаға арналған ингаляторты қолдану коронавирустан айығу уақытын орта есеппен үш күнге қысқартуы мүмкін екенін анықтады.

Мұндай әсерге, сарапшылардың пікірінше, демікпе мен созылмалы обструктивті өкпе ауруларын емдеуге қолданылатын ингаляторлар құрамындағы будесонид ықпал етеді.

«Денсаулық сақтау министрлігі жаңа мәліметтер түскен кезде осы емдеу әдісін сынау нәтижелерін бақылауды жалғастырады және қажет болған жағдайда ұсыныстарды түзетеді», – деді парламенттік министрдің орынбасары Джо Черчилль.

Британиялық дәрігерлер бұл дәрі-дәрмекті әр жағдайға жеке-жеке қолдануды жоспарлап отыр.

Сарапшылар будесонидті коронавируспен күресу үшін үйде де қолдануға болатынын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ — ЕЛ МҰРАСЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда балаларға арналған тегін ұшақ билеті бәріне бірдей берілмейді: Талаптары белгілі болды

admin_mugalzhar

Жұмысынан жалыққандарға кеңес

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.