Аудан бойынша жалпы саны 334 баланың атаанасы әр түрлі себептерге байланысты профилактикалық екпелерден бас тартқан. Бұл туралы аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары хабарлады.
Жоғарыда аталған балалардың 324-і Мұғалжар аудандық ауруханасында тіркелсе, 10 бала Ембі аудандық ауруханасында есепте тұр. Дәрігерлердің берген деректерінесүйенсек, екпеденбас тартқандардың 94,6 пайызы әртүрлі діни ағымдарды ұстанатындар. Ал қалған 4,8 пайызы жеке ұстанымдарын айтса, 0,6 пайызы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз ақпарттарды алға тартады.
Санитариялық мамандар балалардың жоспарлы екпелермен толық қамтылмауы жұқпалы ауруларға қарсы иммундық қорғанышы жоқ адамдар санының өсуіне, сондай-ақ вакцинаменбасқарылатын жұқпалы аурулардың эпидемиялық өршуіне әкеліп соғатынын айтады.
— Инфекциялардың алдын алу мақсатында екпеніңмаңызытуралы аудандағы мешіттердің көрнекті орындарында, бөбекжай-бақшаларда, мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта кәсіптік білім беру орталықтарында, басқа да мекемелерде, адамдар көп шоғырланатын жерлерде санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде, ақпараттық парақшалар таратылуда. Сонымен бірге әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің ақпараттық сайттары тиімділігі жөнінде жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерде тұрақты жариялап отырады. Облыс орталығынан да жауапты мамандар келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, — деді санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Бүркітов.
Оның айтуынша, Ақтөбе облысының санитариялықэпидемиологиялық бақылау департаменті басшының орынбасары Мұхтар Сербаев, №2 қалалық емханасының иммунологдәрігері Ляйля Нұржанова және №4 қалалық емхананың гинеколог-дәрігері Фариза Жұбатова инфекциялық аурулардың қауіптілігі жөнінде тұрғындарғы түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Олар Қазақстанда халықты вакцинациялау үшін вакцинаның сапасын растайтын мемлекеттік тіркеуден өткен және ДСҰ сертификатталған вакциналары қолданылатыны туралы толық мағлұмат берген.
—Осы тұста инфекция кішкентай баланың өміріне қауіп төндіретінін тағы да айтқым келеді. Вакцинация — бұл медициналық көмектің алдын алу түрінің бірі, инфекциялар мен олардың асқынуларынан қорғануға көмектесетін қарапайым медициналық рәсім екені анық, — деді ол.
Н.АБАТ