«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ізгілік ТАҒАНОВА: ЖУРНАЛИСТ БОЛУЫМ — ЗАҢДЫЛЫҚ

— Менің журналистикаға келуім заңдылық деп ойлаймын. Себебі газет иісі бойына сіңіп өскен баспагерлер әулетіненмін. Әкем қазақ баспасөз саласының алғашқы өкілдерінің бірі. Ол Ұлы Отан соғысы жылдары ұрыс даласында қарша бораған оқтың астында көшпелі баспаханасын арқалап жүріп, «Қызыл жұлдыз» газетін шығарған. Ұлы Отан соғысына қатысып, сол соғыстан қайтқаннан кейін Шалқар аудандық баспаханасының директоры болды. Бала кезімізден баспаханада жүріп, газеттің иісін иіскеп өстік. Сонда жүріп, өзімізше газеттен қате тексеретінбіз. Негізі бала кезімде сот болсам деп армандадым. Бірақ қазақ мектебін бітірген балаларға талап бойынша орыс тілінде емтихан тапсыру қиын еді. Содан қазақ тілі мен әдебиетін таңдадым. Оқу бітіре сала, Қарағандыдағы «Ақадыр таңы» газетіне аудармашы болып орналастым. Кейін жолдасым екеуміз жұмыс бабымен Қандыағашқа қоныс аудардық. Ал мен тағы да еш ойланбастан жергілікті газет редакциясына жұмыс іздеп бардым. Бүгінгі «Мұғалжар», сол кездегі «Октябрь Туы»-«Знамя Октября» газетінің редакторы Жолдымұрат Сегізбаев мән-жайды сұрастырып, дипломымды көріп, жылы қарсы алды. Осылай үлкен ұжымға тап болдым, бірден сіңісіп кеттім десем де болады. Осы газетте жүріп, әріптестермен қарым-қатынас жасауды, тіл табысуды, ауызбіршілікте болуды үйрендім. Өзімізден үлкендерден көп нәрсе үйрендік. Кейін сол үйренгенімізді өзімізден кейінгі буынның бойына сіңіруге тырыстық. Осы жерден зейнеткерлікке шықтым. Бүгінде біз де газеттің тұрақты оқырманына айналдық. Мен өзім осы » Мұғалжарда » еңбек еткеніме өкінбеймін. Өткен жылы газеттің 90 жылдығы атап өтілді. Марапат алдық, бір-бірімізді көріп, қуандық, естеліктерімізбен бөлістік, әйтеуір, мәре-сәре болдық. Бұл — бүгінгі ұжымның арқасы деп білемін. Қазіргі редакция ұжымын мерекелерімен құттықтай отырып, енді «Мұғалжардың» 100 жылдығын тойлау жазсын деп тілеймін! Күні бүгінге дейін байланысымыз үзілмеген басылымның оқырманы көп болсын! Алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыра беруіне тілекшімін!

 

Ұқсас ақпараттар

ПЕСНЬ ЛЮБВИ НАГАШБАЙ БАЛМАХАНОВА

admin_mugalzhar

Куандык Мукашев: Чтобы вовремя выявить рак, нужно ежегодно обследоваться

admin_mugalzhar

РАМАЗАН — РАҚЫМ АЙЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.