«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СУРЕТТІ «СӨЙЛЕТКЕН» САМАТ

Газеттің көркем безендірілуі мен көзге тартымды болуына фототілшінің қосар үлесі шексіз. Олай дейтінім фотограф белгілі бір оқиғаны немесе кейіпкерлерді суретке түсірген сәтте өмірдің қайталанбайтын қас-қағым сәтін мүлт жібермей, ракурсты дұрыс алуы тиіс.Мен 20 жылдан астам уақыт газетте фототілші қызметін атқардым. Газеттің қандай қиындықпен шығатынын, фотоның оңай түсіріле салмайтынын да жақсы білемін. Сол себепті мереке қарсаңында фотографқа қажетті шеберлікті жетік меңгерген «Мұғалжар» газетінің фототілшісі Самат інім туралы айтқым келеді. Оның түсірген фотосуреттеріне қарап отырып, табиғаттың айрықша жылуы мен әлемнің сиқырын сезгендей боласың. Фотоаппарат ұстаудағы ептілігі менің көңілімнен шығады. Газеттің көркем безендірілуі фотожурналистің түсірген суреттеріне тікелей байланысты. «Мұғалжардың» әр нөмірін үнемі оқып, Саматтың
түсірген суреттеріне сыни көзқарас танытып отырамын. Саматтың кәсіби мерекелер кезінде жасаған коллаждары өтте сәтті шығады. Оның шеберлігі күн сайын артып келеді. Жасап жатқан жұмыстары әрдайым жемісті болсын деп, шығармашылық сәттілік тілеймін!
Смағұл ҚҰДАБАЕВ,
ардагер-журналист

Ұқсас ақпараттар

Мал ұрлығы: 86 дерек тіркелді

admin_mugalzhar

Ақмарал Мырзағұлова, Батпақкөл тұрғыны: Бұл сынақтан да бірліктің арқасында аман шығармыз деп ойлаймын

admin_mugalzhar

Ақтөбеде 150 үйге декоративті жарық орнатылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.