«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕУРО-2020: Англия тарихында тұңғыш рет финалға шықты

Футболдан Еуропа чемпионатының екінші финалисі анықталды. Кәрі құрлықтың үздік командасы атануға Италия мен Англия күш сынасады.

Жартылай финалдың алғашқы жұбында Испанияны жеңген Италия финалға жолдама алған. Екінші ойында Англия Даниядан басым түсті.

Матчтың негізгі уақытында командалар тең түскен. Алғашқы таймда Дания құрамасы есепті ашқан. Артынша өз қақпаларына гол соғып, таразы басын теңестіріп қойды. Ал матчтың қалған уақытында есеп өзгерген жоқ.

Қосымша қосылған уақытта Кейн қарсыласының қақпасын дәл көздеп, командасын финалға ап шықты.

Еуропа чемпионаты – 2020. Плей-офф. 1/2 финал

Англия – Дания 2:1 Қосымша уақыт (1:1, 1:1, 2:1)

Голдар: Кьер а/г 39, Кейн 104 – Дамсгор 30.

Пенальти: Кейн 104 – нет.

Англия: Пикфорд (В), Уокер, Стоунз, Магуайр, Шо, К. Филлипс, Райс (Хендерсон 95), Сака (Грилиш 69, Триппьер 106), Маунт (Фоден 95), Стерлинг, Кейн (К).

Дания: К. Шмейхель (В), Мэле, Вестергор (Винн 105), Кьер (К), Кристенсен (Андерсен 79), Стрюгер-Ларсен (Васс 67), Дилейни (Йенсен 88), Хейберг, Дамсгор (Поульсен 67), Дольберг (Нергор 67), Брейтвейт.

8 шілде. Лондон. «Уэмбли». 

Ұқсас ақпараттар

Геннадий Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

admin_mugalzhar

Ғалымдар өмірді ұзартудың ең оңай жолын атады

admin_mugalzhar

ҰЛТТЫҚ-СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.