«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2021 жылдың 1 маусымы бойынша Қазақстандағы халық саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың 1 маусымындағы Қазақстандағы халық санын есептеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша халық саны 18 миллион 984 мың 800 адамды құрады, оның ішінде қаладағы тұрғындар — 11 миллион 237 мың (59,2 пайыз), ауыл халқы — 7 миллион 747 мың 800 адам (40,8 пайыз).

2021 жылғы қаңтар-мамырда елге келгендердің саны 3 662 адамды, елден кеткендердің саны 9 862 адамды құрады, көші-қон сальдосы 6 200 адамды құрады.

Миграциялық процестер көбінесе ТМД елдерімен жүргізіледі. ТМД елдерінен келгендер 84,3%-ды құрады.

Республика аумағында көшетіндердің пайызы 23,5%-ға өскен. Аймақаралық көшу төрт өңірде көрініс тауып отыр: Алматы – 11647 , Нұр-Сұлтан – 8920, Шымкент – 7342, Маңыстау облысы – 327.

Осылайша, 2020 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 249 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен.

Сондай-ақ, 2021 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-мамырмен (106,8 мың адам) салыстырғанда 4,4 пайызға ұлғайды және 111,5 мың адамды құрады.

Ұқсас ақпараттар

Алматы облысында коронавирус жұқтырған әйелдің аяғы ауыр

admin_mugalzhar

ЕГІС НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

admin_mugalzhar

«SAMGAU» ЖОБАСЫ ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.