«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚШ-та алғаш рет науқасқа биомеханикалық жүрек орнатылды

АҚШ-та алғаш рет 39 жастағы ер адамға жасанды жүрек орнатылды. Операцияны Дьюк Университетінің Медициналық орталығының хирургтар тобы жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IFLScience басылымына сілтеме жасап.

Мэтью Мурдың жүрегі ауыратын, ол ота күтіп жүрген. Алайда жағдайы тез нашарлай бастап, дәрігерлер оған жасанды орган трансплантациялау туралы шешім жасайды. Aeson деп аталатын аппарат науқастың жағдайы нашарлап, тірі жүректі трансплантациялауға мүмкіндік болмаған жағдайда қолданылады. Жасанды орган уақытша қойылады, ол науқас келесі операцияға дейін жағдайы жақсарғанша тұрады.

Мэтью Мурдың отадан кейінгі жағдайы тұрақты деп бағаланды. Оны мамандар бақылап отыр.

Биомеханикалық жүрек сиыр жасушаларынан өсетін төрт биологиялық қақпақшадан тұрады. Ол сыртқы қуат көзінен қуат алады да, адамға төрт сағат еркін қозғалуға мүмкіндік береді.

Aeson ЕО-да бұрыннан қолданылады, бірақ АҚШ-та бұл процесс баяу жүріп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

Он елде коронавирустың жаңа мутациясы анықталды

admin_mugalzhar

Қырғызстанда президенттікке үміткерлер саны 20 адам дейін қысқарды

admin_mugalzhar

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 64 млн-нан асты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.