«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Он елде коронавирустың жаңа мутациясы анықталды

B1525 деп аталатын коронавирустың тағы бір штамы Ұлыбританияда және тағы тоғыз елде анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com сайтына сілтеме жасап.

Жаңа мутация вирус үлгілерінің геномын ретке келтіру арқылы он елде, соның ішінде Ұлыбританияда анықталған. Бұл туралы Эдинбург университетінің зерттеушілеріне сілтеме жасаған Guardian басылымы жазады.

Ұлыбританияда бұл вирусты жұқтырған кем дегенде 32 жағдай, Данияда 35, Нигерияда 12 жағдай анықталды. АҚШ-та 7 адам және Францияда бес адам ауырған, сондай-ақ, Гана, Аустралия, Канада, Иордания, Испанияда жұқтырғандар саны бестен төмен.

Басылым мәліметінше, вирустың жаңа нұсқасында «ықтимал мутация жиынтығы» бар. Зерттеушілер «Бразилия» және «Оңтүстік Африка» нұсқаларында кездесетін, вирусты антиденелерге төзімді ететін Е484К ақуызындағы мутацияға алаңдайды.

Ұқсас ақпараттар

«Эйр Астана» халықаралық әуерейстер санын қысқартады

admin_mugalzhar

ЕМБІ ҚАЛАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН ОҚУШЫЛАР АНЫҚТАЛУДА

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar