ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МҰҒАЛЖАРДА

0
91

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова іссапармен ауданға келді. Жиынға аудан әкімі Асқар Шериязданов, аудандық мәслихат хатшысы Роза Мүсенова, әлеуметтік салаға жауапты бөлім басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңесінің төрағалары қатысты.

Бұлбұл Ораққызы жұмыс сапары барысында аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өткізіп, аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландиннің ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуы туралы 7 айлық есебін тыңдады. Ғалым Қобландин өз баяндамасында ауданның қоғамдық-саяси ахуалын тұрақты ұстау мақсатында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары күнделікті мониторинг жүргізіп отыратынын, кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек қатынастары бақылауда екенін, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өсірмеу мақсатында жүйелі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жиында сөз алған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Ораққызы облыстағы әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, алда атқарылатын міндеттерді айтып өтті. Жиыннан кейін Бұлбұл Ораққызы Қандыағаш қаласындағы салынып жатқан дене шынықтыру – сауықтыру кешеніне, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандық емханаға барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ қызметтік ғимараттары ескі, 1939 жылы салынған Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ғимараттарын қарап шықты. Жаңа ғимаратты қажет ететін Мұғалжар аудандық психологиялықпедагогикалық түзету кабинетінде де болды. Осы жылы ашылған “Medlife+” гемодиализ орталығының жұмысын көрді. Облыс әкімі орынбасарының жұмыс сапары ауылдарда жалғасты. Қаракөл ауылында күрделі жөндеуді қажет ететін 300 орындық ауылдық Мәдениет үйінің және Қаракөл ауылындағы мектеп-интернатының жұмыстарымен танысты. Облыс әкімінің орынбасарына аудан тарапынан ауылдық Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттардың дайын екендігі айтылды. Сонымен қатар Бұлбұл Елеусінова Ақкемер мен Елек ауылдарында болып, мұндағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Н.КЕСІКҚҰЛ