ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

0
583

ҚАНДЫАҒАШТА ЖАҢА ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ. МҰНДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОСЫМША БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРІП, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ШЫҢДАЙДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ ДЕ МОЛ МҮМКІНДІКТЕР БАР.

Оқу орталығында тіл үйрену курстары жастарына қарай барлық деңгейде оқыталады. Атап айтсақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдерін оңай әрі жылдам меңгеруге болады. Сонымен қатар балғындарға ұзартылған күн тобы да жұмыс жасайды. Мұнда білікті мамандар балақайлардың қосымша үй тапсырмаларын орындауға, есеп-қисаптың қыр-сырын меңгертуге көмектеседі. А.МАНАСБАЕВА