«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

67 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫ САТЫП АЛЫНДЫ

Мемлекет тарапынан көрсетілген қомақты қолдаулардың арқасында, аудандағы шаруа қожалықтарының техникалары жаңарып келеді. Аудан фермерлері «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының облыстық филиалы арқылы биыл 67 ауыл шаруашылығына қажетті техникаларды сатып алды. Оның ішінде 29 трактор, 38 мал азығын дайындауға арналған арнайы техникалары бар.
«Шоман», «Береке», «Сәтжол», «Мейіржан» және т.б. аудан бойынша барлығы 29 шаруа қожалық жаңа техникалар алды.

Шаруашылықтарға Үкімет тарапынан шығын құнының 25 пайызын субсидиялау арқылы техника сатып алуға көмек көрсетілуде. Сондай-ақ облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қолдауымен трактор алған ауылшаруашылығы техникаларының инвестициялық шығындарын өтеу үшін қосымша 10 пайыз субсидия бөлінді.

Ұқсас ақпараттар

СПОРТТЫҚ САЙЫСТАН СЫНҒА ТҮСТІ

admin_mugalzhar

Ералы Тоғжанов Ақтөбедегі жолдарды асфальттау жұмыстарын тексерді

admin_mugalzhar

Президент: Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау – маңызды міндет

admin_mugalzhar