«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Паралимпиада ойындары: Давид Дегтярев Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

Қазақстан 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Паралимпиадалық ойындарда алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.

Қазақстандық паралимпиадашы бірінші ретінде 170 келі, екіншісінде – 172, үшіншісінде – 174 келі көтерді.

Күмісті франциялық А.Борлоун, қоланы грекиялық Д.Бакорхристос иеленді.

Дегтярев – 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Сонымен қатар ол 2018 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылғы Азия Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Айта кетелік, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын 25 атлет қорғап жатыр.

Спорттың осы түрінен Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орынды иеленді. Ең жақсы талпынысында ол 83 келіні көтере алды.

Ұқсас ақпараттар

Салақтыққа сабақ керек

admin_mugalzhar

Олимпиада-2020: Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңіліп, қола медаль алды

admin_mugalzhar

АТА КӘСІПТІ ЖАЛҒАСТЫРҒАН ӘУЛЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.