«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан полицейлері пәтерлер мен аулаларды аралайды

Қазақстанда 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Полиция қызметкерлері аулалар мен пәтерлерді аралайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша проблемалық мәселелерді зерделеу, учаскелерде құқықбұзушылықтың алдын алу және ескерту үшін әкімшілік учаске тұрғындарын барынша қамтуға бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр», — деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, операция кезінде учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелерде халықпен танысу, сондай-ақ түрлі құқықбұзушылық жасаған адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру үшін аулаларды және пәтерлерді аралап шығады.

«Сондай-ақ, жалдамалы пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, тұрмысы нашар отбасылар, қоғамға жат іс-әрекеттер жолын кесу үшін жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланатын орындар, сондай-ақ қару иелері мен шетелдіктер тексеріледі.

Сонымен қатар, полиция саяжай массивтерін, құрылыс нысандарын, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалған, шатырлы және жертөле үй-жайларын тексереді», — деп қосты ол.

Ауылдық жерлерде негізгі күш-жігер қыстауларды тексеруге және белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға, шетелдік азаматтарды заңсыз пайдалану дерегіне, тіркелмеген қарулар мен басқа да тыйым салынған заттарды сақтауға бағытталған.

Ұқсас ақпараттар

Қауіпсіз келешек

admin_mugalzhar

Жандарбек Бекшин: Карантин аяқталғаннан кейін де сақтық шараларын жалғастыру керек

admin_mugalzhar

Ақтөбеде жазасын өтеп жатқандар аттестат алды. Олардың арасында 40 жастан асқандар да бар

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.