«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘКЕЖАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

18-21 қыркүйек күндері Талдықорған қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ҚР спорт қайраткері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО чемпионы Ә.Айхановты еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі ерлер арасында еркін күрестен республикалық турнир өтті.
Әлем чемпионатына іріктеу турниріне қатысқан Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Әкежан Әбдіхамит 74 келі салмақта І орынды иеленді.
Жаттықтырушысы Есбол Шәудірбаев.

Ұқсас ақпараттар

Рәміздерді құрметтеу — әр азамат парызы

admin_mugalzhar

600-ГЕ ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

Ескі жылдың есебі және жаңа жылға жаңа міндет

admin_mugalzhar