«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«AZHBENOV BOXING» КЛУБЫ 5 МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

Құлсары қаласында өткен бокстан аудандық ашық біріншілікке Қандыағаш қаласынан Данил Мәлік баптайтын «Azhbenov boxing» клубының командасы қатысып, Мұғалжар ауданының намысын абыроймен қорғады.
Аталған біріншілікке Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Ақтөбе облысының Алға және Мұғалжар аудандарының атынан барлығы 11 команда қатысты.
Бәйгеде «Azhbenov boxing» клубынан 11 боксшы бақ сынап, бірқатары жүлделі орындармен оралды. Атап айтар болсақ, 43 кг салмақта Исмайл Джумаш барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, І орын иеленді. 33 кг салмақтан Назарбек Еңсеген ІІ орын, 30 кг салмақ дәрежесінде Ибрахим Қаратаев, 52 кг салмақта Арлан Жақып және +80 кг салмақта Бақдәулет Хайролла ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

Ұқсас ақпараттар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақтың тағамдары шетелдік қонақтарды баурап алды

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері 29 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды

admin_mugalzhar