«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨТКЕН АПТАДА 42 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Бүгінгі күнге ауданда эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Ауданда өткен аптада коронавирусты инфекцияның нақтыланған вирус сәйкестендірілген 42 жағдайы, ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен 3 сырқаттанушылар тіркелді.

Үй карантинін сақтау шарттарының міндетті түрде орындау туралы қолхаты негізінде үй карантинінде қоңырау шалу арқылы 525 адам (клиникалық белгілері жоқ коронавирусты инфекциямен -73 адам, жақын қарым-қатынаста болған тұлғалар -452) медициналық бақылауда.

Жалпы 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның 1442 жағдайы тіркелді. Тіркелген жағдайдың 858-і клиникалық симптомдары бар, 584 адам клиникалық симптомдары жоқ науқастар. Соның ішінде 92,1% жазылып шықты.

Қазіргі таңда Мұғалжар ауданы бойынша коронавирусты инфекциясы диагнозымен 21, коронавирусты пневмония диагнозымен 6 науқас инфекциялық бөлімдерде ем алуда. Қосалқы диагнозы коронавирусты инфекциямен 2020 жылы 6 науқас көз жұмса, 2021 жылы бүгінгі күнге дейін өсу ретімен 19 науқас көз жұмды.

Ұқсас ақпараттар

ӨМІР СҮРГІМ КЕЛЕДІ…

admin_mugalzhar

СДЕЛАЙ ПРИВИВКУ — ОПЕРЕДИ ИНФЕКЦИЮ

admin_mugalzhar

Чехия компаниясының басшысы атом энергетикасын дамытудың стратегиялық тәсілдері мен жоспарларын айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.