«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН ЕТІКШІ

Етікші Абдуалидің есімін Қайыңды ауылының тұрғындары жақсы біледі. Ол мүгедектігіне қарамастан жастайынан еңбекке етене араласты. Бүгінде оның қолымен тіккен етіктері көптің көңілінен шығып келеді. Әсіресе, күз-қыс маусымында етікшінің қызметіне жүгінетіндердің қарасы көп.

1997 жылы қыстың қатты боранында далада қалып, екі аяғынан айырылған ол қайғылы жағдайға тап болған алғашқы жылдары өте ауыр болғанын айтады. Дегенмен Абдуали Бахраддин тағдырдың жазғанына қасқая қарсы тұрып, рухын түсірмеуге тырысты.

— Бұл жағдайға көпке дейін көндіге алмай, ауыр соққы алдым. Бірақ тағдыр осылай жазылса, не шара?! Өзегімді өрт шалсада, басқа салғанына амалсыз көндім. Әйтсе де, бұған бола бордай үгілмеу керектігін түсініп, жігерімідіжанып, намысымды шабақтауға тырыстым. Арбаға таңылсам да, көштен қалып, көптенбөлінбеугетырысып, етік тігумен айналыса бастадым. Көрсететін қызметімнің ақысы көпшілік үшін қолжетімді болды. Атқарған жұмысыма ауылдастарым үнемі ризашылықтарын білдіріп отырады. Бұрын көлік жүргізушісі болып жұмыс жасаған едім. Бүгінде зейнеткерлік жасқа жеттім, — дейді етікші Абдуали Бахраддин.

Жұмыстың оңайы болмайды. Етік тігудің өз ерекшелігі мен қиындықтары болады. Бір затқа үңіліп отырып, әр тігісін жатық етіп тігу үлкен шыдамдылық пеншеберлікті талап ететіні сөзсіз. «Шыдамдыны мына өмір ұнатады» деп Мұқағали жырлағандай, бар қиындыққа үлкен шыдаммен, сабырлық танытып, рухын биік ұстап жүрген етікші Абдуалидің отбасы, бала-шағасының қамынжеп, ешкімніңалдынақолын жайып бармай, ерінбей еңбек етіп жүргені көпке үлгі.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Арман ЖИЕНАЛИЕВ, әнші: «ТЫҢДАРМАНДАРЫМА ЖАҢА ЖЫЛДА ЖАҢА ӘНДЕР ТАРТУ ЕТЕМІН»

admin_mugalzhar

Құралбай БАЙСҰЛТАНОВ: ОТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ НАНЫ «МҰҒАЛЖАРДАН» БҰЙЫРДЫ

admin_mugalzhar

Күнжамал ТЕМІРБАЕВА: 40 ЖЫЛЫМДЫ АРНАҒАН ШАҢЫРАҚ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.