«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СІЗ «МҰҒАЛЖАРДЫ» ОҚИСЫЗ БА?

Ғасырға жуық уақыт жаңалықтың жаршысы бола білген бүгінгі «Мұғалжар» әр кезеңде атауын өзгертсе де, түрлі журналистердің қолтаңбасын сақтай отырып, өз мақсатын, оқырман алдындағы жауапкершілігін ұмытқан емес. Аудандық басылымның тұрақты оқырмандары да жылдар желісінде «Мұғалжарынан» алыстаған емес. Бүгінгі мерекелік нөмірге мұғалжарлықтар арасында сауалнама жүргізу барысында осыған тағы бір мәрте көз жеткіздік.

1.«Мұғалжар» газетін оқисыз ба? Әлеуметтік желідегі парақшаларын білесіз бе?

2.Газет бетінен қандай тақырыптағы мақалалар көргіңіз келеді?

3.Кешегі және бүгінгі газет қызметкерлері ішінен кімдерді атай аласыз?

Күләй ӘМІРАЛИНА, Жұрын ауылдық округіәкімдігініңбасмаманы:

1.Бұрын «Октябрь туы»-«Знамя Октября» атауымен шыққан бұл газетті ес білгелі біліп, әр санын асыға күтетінмін. Газеттегі жаңалықтарды қарап, қызықты материалдарды оқуға асығатынбыз. Қазір де «Мұғалжар» газетін әрдайым оқимын. Әкімшілікте жұмыс жасағандықтан бізге екі есе қажетті газет деп білемін. Ауданға қатысты барлық жаңалықтар мен түрлі мәліметтерді біліп, қарап отырамыз. Газет қолымызға жеткенше, әлеуметтік желідегі парақшаларына шыққан ақпараттарды оқимыз.

2.Газет бетінде әлеуметтік мәселелердің көптеп көтерілгенін қалаймын.

3.Қуаныш Кенжеғалиевтен бері қарайғы редакторларды білемін. Ал журналистерден сол уақыттағы Салиха Букеева, Ізгілік Тағанова, Жандос Айтжан, Мейрамгүл Жұманбетова, Әсел Абданбаеваларды атай аламын.

Ұқсас ақпараттар

Банктің қызметін үйде отырып, қалай пайдалануға болады?

admin_mugalzhar

Күзде ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамын ұсынды

admin_mugalzhar

Болатбек ШАҒАЛБАЕВ: CАНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ САҚТАУ — АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖОЛЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.