Ағымдағы жылдың 20 қазанында басталған ІІ республикалық мұғалімдер спартакиадасы 23 қазан күні қорытындыланды.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырыл-ған спорттық додада жалпыкомандалық есепте І орынға Ақтөбе қаласының мұғалімдері ие болса, ІІ орын Мұғалжар ауданының, ал ІІІ орын Темір ауданы мұғалімдеріне бұйырды. Жарыс футзал, волейбол (әйелдер) және үстел теннисінен өтті.
Үстел теннисінен 2-орын ал-ған мұғалжарлық команданың бірінші ракеткасы, №5 Қандыағаш қалалық орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аслан Шуленов республикалық мұғалімдер спартакиадасына жолдама алды.
А.МАНАСБАЕВА