Қазақстан бойынша 2021 жылдың 9-11 қарашасына арналған ауа-райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашын болады, елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын күтіледі.
Сондай-ақ тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болжанады, кезең соңына қарай ауа температурасының біртіндеп төмендеуі орын алады: түнде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 0…10 аязға дейін, күндіз 5 аяз–5 жылуға дейін, оңтүстік-батыста түнде 2-7 жылу аралығында, күндіз 5-10 жылуға дейін, солтүстікте болса 2 аяз–3 жылуға дейін жетеді.
Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады: күндіз ауа температурасы 5…15 жылуға дейін көтеріледі деп күтілуде.
Республика бойынша жел 15-23 м/с дейін күшейеді.