«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Instagram-да жаңа функция пайда болды

Meta компаниясының құрамына кіретін Instagram әлеуметтік желісі контент үшін пайда табуға мүмкіндік беретін ақылы түрде жазылым мүмкіндігін ұсынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы әлеуметтік желі басшысы Адам Моссери мәлімдеді.

Ақылы жазылымға қатысушыларға эксклюзив эфирлер мен Stories қолжетімді болады. Олар арнайы белгімен белгіленеді. Сондай-ақ, автор Instagram-дағы оқырмандарының профиль атауларының жанындағы ақылы жазылым белгісін көре алады.

Әлеуметтік желі басшысы функция АҚШ-та сынақтан өтетінін айтты. Алдағы айларда сынаққа басқа да авторлар қосылады.

Ұқсас ақпараттар

В ЭМБЕ РЕКОНСТРУИРУЮТ БИООЧИСТНЫЕ СООРУЖЕНИЯ

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері 14 мыңнан астам қазақ кандас мәртебесін алды

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР ҚАЙТА МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

admin_mugalzhar