«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ғалымдар диета адам өмірін 10 жылға ұзартатынын дәлелдеді

Норвегияның Берген университетінің ғалымдары зиянды тамақтан бас тарту — адам өмірін ұзартуға көмектесетінін анықтады, деп жазады Газета.ru.
Зерттеу қорытындысы PLOS Medicine журналында жарияланған. Мамандар бірнеше мың жас әйел мен ер адамның қатысуымен зерттеу жүргізген. Нәтижесінде майлы, тұзды тағамдардан, қызыл еттен, жартылай фабрикаттар мен тәттілерден бас тарту — адам денсаулығын айтарлықтай жақсартатыны анықталған. Бұл үшін мейлінше дұрыс тамақтануға көшіп, бұршақ, балғын жеміс-жидек пен көкөністі, жаңғақтар мен тұтас дәнді өнімдерді тұтыну қажет. Осылайша, зерттеушілер тамақтану рационындағы мұндай өзгерістер өмір сүру ұзақтығын шамамен 10 жылға ұзартуы мүмкін деген қорытындыға келген. «Әртүрлі тағамдардың қаншалықты пайдалы екенін түсіну адамдарға денсаулығының айтарлықтай жақсаруына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өмір сүру ұзақтығын арттыруға көмектеседі», — дейді ғалым Ларс Фаянсе. Айта кетсек, бұған дейін Эдинбург университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, парацетамолды ұзақ уақыт қолдану қан қысымы жоғары науқастарда жүрек ауруы мен инсульт алу ықтималдығын арттыратынын анықтаған еді.

Ұқсас ақпараттар

ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІРСАЙЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері көпбалалы аналар 153,3 миллиард теңге жәрдемақы алды — министрлік

admin_mugalzhar

7-20-25: Бағдарлама аясында 16,5 мың адамның ипотека рәсімдеуіне рұқсат берілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.