«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы ауқымды антициклон ықпалында болады. Антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Алайда елдің солтүстік жартысына фронталь бөліктер әсер етеді — қар жауады, боран соғады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус аяздан 5 градусқа дейін жылы, батысында 0-10 градус аяз болады», — делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда қайта карантин енгізілуі жайлы премьер-министрдің орынбасары айтты

admin_mugalzhar

Қатыгез ұрпақ қайдан шықты?

admin_mugalzhar