«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЗАН ШАҚЫРЫП ЖАРЫСТЫ

Аудандық «Нұртай» мешітінде қандыағаштық жамағаттар арасында «Әдемі әуезді азаншылар» атты азан айтудан жарыс өтті. Аталған сайысқа тоғыз шәкірт қатысып, өздерінің әдемі әрі әуезді дауыстарын көрсетіп, азан айту шеберліктерін сарапқа салды.⠀
Жарыс нәтижесі бойынша I орынды Асылбек Ағымбаев жеңіп алды. Ал II орынға Дәуренбек Сираж, III орынға Ермек Елтаев ие болды. Азан жарысының жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.⠀
— Мұсылманның кереметтерінің бірі азан болып саналады. Біздің бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз – шәкірттердің азан айту шеберлігін шыңдау, ынталандыру, және жамағаттар арасында ауызбіршілікті нығайту, – деді «Нұртай» мешітінің бас имамы Асемхан Ерғазин.

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ 100 АДАМ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚУҒА ЖОЛДАНАДЫ

admin_mugalzhar

Азаматтардың қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етілуі тиіс

admin_mugalzhar

Дүниежүзілік банк Қазақстан Үкіметінің жұмысына оң баға берді

admin_mugalzhar