«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар 5G-ді қашан пайдалана бастайтындары белгілі болды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргіздік, тестілеу өтіп жатыр. Биылғы жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент шаһарларында іске қосамыз. 2023-2024 жылдары – облыс орталықтарында істей бастайды. Біз 5G-ді ауылдарға тартпаймыз. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек

Бұған дейін ол Қазақстанның қай өңірінде интернет нашар екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Мәжіліс отырысында депутаттар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс, интернет сапасының нашарлығы үшін операторларға салынатын айыппұлды ұлғайту бойынша түзетулерді мақұлдаған болатын.

Ұқсас ақпараттар

СҮЙІКТІ МАМАНДЫҒЫН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН КЕЛІНШЕК

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атанды

admin_mugalzhar

ІНДЕТ БАСЫН ҚАЙТА КӨТЕРДІ

admin_mugalzhar