«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда қант қоры үш айға жетеді

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда негізгі азық-түлік қоры жасақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
«Аймақтар мен Сауда желілері одағының мәліметіне сүйенсек, тұрақтылық қорларында тұрғындар сұранысын қанағаттандыру үшін қанттың 3 айлық қоры жасақталған», – делінген министрлік хабарламасында.

Тауар жеткізушілер географиясын кеңейту және қант тапшылығы қауіпін азайту үшін өзге елдерден қант шикізаты сатып алу жұмыстары жүріп жатыр екен.
«Қазақстан тамыз айының соңына дейін кедендік салық төлемей 250 мың тонна қант кіргізу мүмкіндігіне ие», – деп нақтылады ведомстводағылар.

Қант бағасын бір қалыпты ұстап тұру мақсатында жергілікті атқарушы органдар сауда нысандарында «айналым жүйесі» және тұрақталық қорларын интервенциялау сынды шаралар қабылдамақ.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ СӨЗ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ

admin_mugalzhar

Өңірдің төтенше жағдайлар қызметі суға түсу маусымын қорытындылады

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАБАНДОЗДАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

admin_mugalzhar