«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ

Аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. 15 кеңес мүшесі қатысқан отырысқа сонымен бірге аудандық мәслихаттың хатшысы, кеңес мүшесі Роза Мүсенова, аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов, қала әкімі Талғат Өтемұратов және аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен Қандыағаш қаласының тұрғындары тарапынан түскен өтініштеріне қатысты, «Нұр» және «Жаңа құрылыс» сауда үйлері алдында орналасқан қала тұрғындарына қызмет көрсететін такси тұрағын «Әйгерім» сауда үйінің алдындағы бос орынға көшіру туралы мәселе көтерілді. Ал екіншіден, Қандыағаш қаласындағы «Жастық» мөлтек ауданындағы «Жаңа құрылыс», Орталық базар, «Мадияр» сауда үйлері алдынан өтетін тұйық көшені аудандық аурухана орналасқан көше бағытына қарай жалғастыру мәселесі қаралды. Отырыс барысында аталған мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Б.Құлмағамбетов баяндама оқып, жеке-жеке тоқталды. Қатысушылардың пікірлері тыңдалып, бірнеше сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Қоғамдық кеңес аяқталысымен отырысқа қатысушылар ізін суытпай, жоғарыда аталып өткен орындарға арнайы барып, мәселені шешу үшін кеңесте айтылған ұсыныстардың қаншалықты тиімді немесе тиімсіз екенін өз көздерімен көрді. Нәтижесінде қоғамдық кеңес төрағасы Шәмшат Әбдірзақов көтерілген мәселелердің алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Димаштың «Stranger» атты жеке концерті Малайзияда өтеді

admin_mugalzhar

«Ашық жүрек» жобасы аясында шағын гранттар конкурсы жарияланды

admin_mugalzhar

МАССАЖИСТ ДИДАР АПАЙ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.