«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЖАСӨСПІРІМ» ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

24-27 наурыз аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты–құқық бұзушылық пен қылмыстарды ескерту және алдын алу, кәмелеттік жасқа толмағандарға алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болу фактілерін анықтау. Сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
Нәтижесінде жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні аудандық полиция бөліміне 12 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, 4 жасөспірім сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған, 2 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аудандық полиция бөлімінің есебіне 2 жасөспірім және 1 қолайсыз отбасы қойылды.

Ұқсас ақпараттар

Абайдың 175 жылдығына орай түсірілетін телехикаяға кастинг жарияланды

admin_mugalzhar

У.КОЙШИГАРИН: ОТКРЫТЬ СВОЕ ДЕЛО МОЖНО — БЫЛО БЫ ЖЕЛАНИЕ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МЕДИАТОРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.