«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Ембі қаласында тұратын жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Қазтай Тыныштықов 98 жасқа толды. Соғыс ардагерін туған күнімен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин құттықтады. Облыс әкімнің құттықтауын аудан әкімі Асқар Шериязданов жеткізді. Сонымен қатар Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовтың да құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жауып, сый-сияпатын көрсетті.
1943 жылы Ленинград қоршауында болып, кейін «Курск иіні» шайқасына қатысып, 1944 жылы 2-ші Украин майданы сапында әскери міндетін өтеп, майданнан снаряд жарқыншағы тиіп, ауыр жараланып оралған ақсақал соғыс жылдарындағы қиын сәттердегі естеліктерімен бөлісіп, кейін бейбітшілік замандағы қуанышты кезеңдерін еске алды және құрмет көрсетіп жатқан облыс басшылығына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.