«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
«Құрметті отандастар! Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Осы күндерде азаматтарымыз рухани тазарып, жан дүниесін жаңғыртады, жақсылық жасайды. Рамазан айында имандылық, жанашырлық және мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтардың қадірі арта түседі. Исламның гуманистік идеалдары еліміздегі береке мен бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін маңызды рөл атқарады. Біз халқымыздың ырыс-ынтымағының арқасында кез-келген қиындықты еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басамыз. Қасиетті ораза айында бүкіл мұсылманның жүрегін қуаныш кернеп, жұртымыз татулық пен тыныштыққа бөлене берсін! Барша азаматтарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», — деді президент.
Еске салайық, бүгін, яғни 2 сәуір күні мұсылмандардың ең қасиетті Рамазан айы басталды. Мүміндер 30 күн бойы ауыз бекітіп, ораза ұстайды.

Ұқсас ақпараттар

Алдағы төрт жылда 2,7 трлн теңгеге 77,5 мың км электр желісі жаңғыртылады

admin_mugalzhar

БАСТЫ МІНДЕТ — ҚЫЗМЕТКЕ ЖАУАПТЫ ҚАРАУ

admin_mugalzhar

2024 жылы Ақтөбе әуежайы 985 мың жолаушыға қызмет көрсетті

admin_mugalzhar