«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БОС ТҰРҒАН КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Облыстық мәслихат депутаттары Қандыағаш қаласы «Жастық» мөлтек ауданындағы №43 бес қабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Қиын жылдары аудан орталығында босап қалып, қаланың архитектуралық келбетін кетірген үйлердің бұл соңы. Оны сатып алып, жөндеп жатқан аудандық мәслихаттың депутаты, белгілі кәсіпкер Б.Қадралин.

Халық қалаулыларына аудан әкімдігі тарапынан пәтерлерді сатып алуға облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша ұсыныс айтылды.
80 пәтерлі үйдің ішінде 1 бөлмелі — 35 пәтер, 2 бөлмелі — 35, пәтер, 3 бөлмелі — 10 пәтер, бар. Қазіргі таңда жалпы алаңы 5200 м2 болатын көпқабатты үйдің ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жөндеу жұмыстары шілде айында аяқталады деп күтілуде.

Ұқсас ақпараттар

КӨТІБАР БАТЫР БӘСЕНҰЛЫ МОНУМЕНТІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

admin_mugalzhar

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫ САТЫП АЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.