«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АМЕРИКАДАН ЖЕТКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ

МҰХИТТЫҢ АР ЖАҒЫНАН ЖЕТКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ БИЫЛ ДА ОРАЗА АЙЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ. АҚШ-ТА ТҰРАТЫН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ АУДАНЫМЫЗДАҒЫ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ДЕМЕУШІЛІКПЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАП, ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ АУДАРДЫ.

Аудандық мүгедектер қоғамының мүшесі Әлия Омарованың айтуынша, аталған көмек Қандыағаш қаласындағы шын мұқтаж 15 отбасыға таратылады.
— Халық даналығы «оң қолың жасаған жақсылықты, сол қолың көрмесін» дейді ғой. Сол себепті қайырымдылық жасап жатқан жандар биыл да аттарының аталғанын қаламай отыр. Игі іске мұрындық болған осы қайырымды жандар өткен жылы да осы уақытта 6 отбасыға көмек көрсеткен болатын. Біз бүгінде отбасыларға олардың атынан әлеуметтік пакеттерді табыстаудамыз. Әлеуметтік пакетте күнделікті қажетті ұн, қант, күріш, сұйық май, көкөністер мен жеміс-жидек, т.б. азық-түліктер бар, — деді Әлия Аруинқызы.
Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

«Бір белдеу, бір жол» форумы басталды

admin_mugalzhar

75 жылдан соң табылған майдангер

admin_mugalzhar

Үкімет басшысы су тасқыны салдарын жойғаннан кейін коммуналдық және жеке меншіктегі гидротехникалық құрылыстарда жан-жақты тексерулер жүргізуді тапсырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.