«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨТІБАР БАТЫР БӘСЕНҰЛЫ МОНУМЕНТІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Орналасқан жері: Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылдық округіндегі Ақтөбе қаласынан 100 шақырым жерде Көктөбе мекенінде орналасқан. Қысқаша анықтамасы: Кесене Ақкемер ауылынан 13 км және 2 км солтүстік батысқа қарай Көтібар батыр ауылында орналасқан . Биіктігі — 12 метр. Маңғыстау түбегінен жеткізілген ұлутастан өрілген. Бұл кесене 2000 жылы сәулетші Әбіғали Баяндиннің нұсқасымен салынған. Сырым, Көтібар бастаған Кіші жүз қазақтары бірлігінің белгісіндей кесене жанына үш қойтас орнатылып, оның бетіне Әлімнің, Шөменнің, Байұылының, Жетірудың 29 руларының таңбасы ойылып жазылған. Кесене жанына орнатылған құлыптас бетінен Көтібардың үзеңгіліс, қарулас замандастарының есімдерін оқуға болады. Көтібар батыр кесенесі мемлекеттің қамқорлығына алынған. Көтібар батыр кесенесінің архитектуралық тұрқы мен сәулеті, мазмұны жағынан ерекшелігі мол. Оның мазмұнында ХIХ ғасырдағы қазақ халқының бостандыққа ұмтылысы, күресі қазіргі ХХI ғасырдың басындағы сәулет өнерінің жетістігімен ұштастырылған.
Аңыз-әңгіме: Анасы толғатқан кезде Пұсырманның кенжесі Сексеннің үлкен баласы Саңырақ әулиенің үйіндегі әжеміз басы-қасында болып, Көтібарды туғызып, етегіне орап алған болатын. Баланың денесі ірі, жауырынның ортасына бармақтай түкті қалы бар, қасы қалың, көзі ашық, сол жақ уысында бір талшық қылау қан уыстап туған екен. Бала түскесін, Нарбике есін жиған соң: «Бар, Саңырақ атаның батасын алып кел, атын қойсын», — деп кемпірін жұмсапты. Әжеміз жүгіріп келіп Саңырақ атамызға: «Бәсеннің үйіндегі келін босанды», — дегенде, Саңырақ әулие: «Бұл бала ердің ері, жігіттің жігіті болады. Жауырында қалы болса, дұшпаны қарсы келмес көкжал батыр болады екен. Қабағы қалың, көзі ашық болса, дүниенің төрт бұрышын тегіс көремін, өзім билеймін деп туған екен. Ал уысында бір талшық қаны болса, заманында қантөгіс болатын шығар, сол кезеңде жауына қатыгез, мейірімсіз болар. Ал баламыз құтты болсын, аты Көтібар болсын!» — деп Саңырақ атамыз тұжырым жасапты.

Ұқсас ақпараттар

ОСК мүшелері еліміздің 20 өңіріндегі сайлауға дайындық барысын тексеріп шығады

admin_mugalzhar

«Дипломмен ауылға»: биыл 2,3 млрд теңге көтерме ақы бөлінбек

admin_mugalzhar

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы — 2021». Байқау жеңімпазы 6 млн теңге сыйақы алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.