«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІ — АЛТЫНДЫ ТАС ЖОЛЫНДАҒЫ ӨТКЕЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Көктемгі су тасқыны кезінде «Ембі-Алтынды» тас жолында орналасқан Әулие көпірдің жанындағы «Казгеоруд» және «AltynEx Company» мекемесінің 40 тонналық ауыр жүк көліктеріне арналған өткелді су шайып кеткен болатын. Бұның салдарынан кәсіпорындардың ауыр жүк көліктері Әулие көпірге артық салмақ түсіріп үстімен өтуге мәжбүр болды.

Аудан әкімі Асқар Шерияздановпен өткен кездесуде Алтынды ауылының тұрғындары осы мәселені көтерді.
Осыған байланысты аудан әкімдігі тарапынан бұл жолды пайдаланатын «AltynEx Company» мен «Казгеоруд» компанияларының басшыларымен бірнеше рет техникалық кеңес өткізіп, өткелді қайта қалпына келтіруді келісті.

Әулие көпірдің жанымен өтетін айналма жолдың өткелін қалпына келтіру үшін суағарға қажетті құбырларды (труба) тауып беруге Жем қаласының әкімі Жұматай Бисенов қолдау көрсетті. Округ әкімі Нұрболат Жалғас бұл құбырларды жеткізді. Нәтижесінде «AltynEx Company» мен «Казгеоруд» компанияларының техникалары жұмылдырылып, өткел қалпына келтірілді.
Қазіргі таңда ауыр жүк көліктері Әулие көпірге салмақ түсірмей айналма өткелмен қайта қатынауда.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ ЕМБІ МЕН ЖЕМ ҚАЛАЛАРЫНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Облыс әкімі еңбек ардагерлері мен ғасыр жасаған қарияларды Алғыс айту күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

Тарихи таңдау

admin_mugalzhar