«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МАҚСАТЫ ҰЛТЖАНДЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЕДІ…

МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА ЖАС БУЫННЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ОТАНСҮЙГІШТІККЕ БАУЛИТЫН ПӘНДЕРДІҢ ІШІНДЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЕРЕКШЕ. БАЛАНЫҢ БОЛМЫСЫН БҰЗЫҚТЫҚҚА ЕМЕС, ЕЛ ТІРЕГІ БОЛАТЫН ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙТІН ӨЗЕКТІҢ БІРІ. АЛ ОСЫ ЖОЛДА ҰСТАЗДЫҚ ЕТЕТІН ЖАНДАРДЫҢ ТАЛАБЫ МЕН ЕҢБЕГІ ЗОР. МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ДОСАН МҰҚАШЕВ ТА СОНДАЙ ЖАННЫҢ БІРІ ЕДІ…

Досан Мұқашев 1958 жылы 20 қаңтарда Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылында дүниеге келіп, сол жақтағы орта мектепте білім алған. Кейін өз борышын өтеуге әскерге аттанады. Әскерден оралған соң Ақтөбеде мәдени-ағарту училищесіне түсіп, «суретші-безендіруші» мамандығын алып шығады.
-Жолдасым 1983-1999 жылдар аралығында Жаңажол орта мектебінде сурет пәнінен сабақ берді. Кейін Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін бітіріп, «бейнелеу, сызу пәнінің мұғалімі» мамандығына ие болды. 1999 жылдан бастап осы пәндермен қоса алғашқы әскери дайындық пәнінен жетекшілік қызметін де атқарды. Екеуміздің еңбек жолымыз осы мектептен басталды. Өмірде адал жар, мектепте әріптес болдық. 2 қыз 1 ұл тәрбиелеп өсірдік. Қолымда 3 немерем бар. Жолдасым зейнетке шығар шағында кенеттен келген сырқаттан көз жұмды. Арамыздан кеткеніне биыл 4 жыл болады, — деді жары Гүлзия Жақсыбаева.
Уақытын үйден гөрі мектепте көп өткізгенін айтады жұбайы. Себебі сол жақтағы өзінің сүйікті ұстаханасында өзі сияқты қолөнерге қызығатын мектеп оқушыларымен түрлі көрнекілік бұйымдар жасауды әдетке айналдырыпты.
— Мектептің ішкі, сыртқы көрнекілігінің бәрі де Досекеңнің қолынан шыққан туындылар. Қыс болса, қардан түрлі мүсіндер қалап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленетін. Оқушылармен қызықты демалыстар өткізгенді жаны сүйетін. Себебі алғашқы әскери дайындық сабағына байланысты көшеде парад ұйымдастырып, орманға барып түрлі әскери ойындар ойнап, сайыстырып, оқушыларды жан-жақты шынықтыратын еді. Қазір өзі өмірден кеткенімен жолдасымның құрметіне орай жыл сайын аудан мектептеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшілері арасында дәстүрлі турнирлер өтіп отырады. Бұның өзі артында қалған ұрпағы үшін де зор құрмет деп есептеймін, — деп еске алды отағасын Гүлзия апа.
Айдана АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

admin_mugalzhar

Еліміздің түрлі бағыттардағы табыстарға жету мүмкіндігі адами капиталдың сапасына тікелей байланысты, сондықтан Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға айырықша көңіл бөлініп келеді.

admin_mugalzhar

ЖҰБАНОВТЫҢ 117-ШІ КӨКТЕМІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.