«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАС ЖҮЛДЕ — ӘНІМЕН ТӘНТІ ЕТКЕН АЙДАРИЯДА

Ембі қаласында өткен «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты аудандық патриоттық әндер бауқауына қатысқан Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің оқушылары жүлдемен оралды. «Отан» әнін нақышына келтіріп орындаған 1 «Г» сынып оқушысы Айдария Сәлімжан Бас жүлдеге ие болды. Ал Арай Мусина мен Ақбота Маемерова ІІ дәрежелі Дипломмен, Аружан Умаргалиева белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаздарға аталған мектептің музыканты Алмас Орманов жетекшілік етті. Аудандық оқушылар шығармашылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауға аудан бойынша 30-дан астам өнерпаздар қатысты. Олар өздерінің рухты әндерімен көрерменнің қошеметіне бөленді.

Ұқсас ақпараттар

КӨНЕНІҢ КӨЗІ — КӨК МЕШІТ

admin_mugalzhar

АТА ЗАҢҒА — 28 ЖЫЛ

admin_mugalzhar

Ескі 10 мың теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімі ұзартылды

admin_mugalzhar