«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОҚУШЫЛАР ТАРИХИ ОРЫНҒА САЯХАТТАДЫ

«Ерлікке тағзым» акциясы аясында Бірлік ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ә.Тулеуованың бастамасымен Құмжарған орта мектебінің 7-сынып оқушылары Жанқасқа батыр ескерткішіне саяхаттады. Ерлік көрсеткен батыр ісін құрметтеп және үлгі тұту мақсатында өткізілген шара барысында Жағалбайлы тайпасынан шыққан, ХІХ ғасырда орын алған кіші жүз қазақтарының Ресей патшалығына қарсы ұлт- азаттық қозғалысының алдыңғы қатарында болған батыры туралы кең көлемде ақпарат берілді. Киелі орынға жасалған саяхаттан оқушылар ел және ескерткіш тарихынан мағлұмат алып, танымдарын толықтырып қайтты.

Ұқсас ақпараттар

2024 жылы әлемдік мінберлерде Қазақстан көтерген 10 бастама

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ АҚСУ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

admin_mugalzhar

БАСТЫ МАҚСАТ — НАН БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ

admin_mugalzhar