«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

№53 ТАЛДЫСАЙ РАЗЪЕЗДІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов №53 Талдысай разъездінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындар тарапынан ауыз су сапасының төмендігі айтылды. Екі жыл бұрын аудан әкімі осы разъезд тұрғындарымен кездесу өткізген кезде тұрғындар ауыз сумен тасымал арқылы қамтылып отырған болатын. Сол кезде тұрғындардың өтініштері ескеріліп, «Теміржол су» мекемесінің басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, ол жерге су тазалайтын арнайы қондырғы (фильтр) қойылды.

Қазіргі таңда тұрғындар сүзгіден (фильтр) өтетін сумен қамтамасыз етіліп отыр. Алайда тұрғындардың айтуы бойынша ұңғымадан шығатын 1000 литр судың тек қана 200 литр суы сүзгіден өтіп пайдалануға жарамды. Қалған 800 литр су далаға кәріз жүйесіне ағызылуда.

Бұл тұрғындарды қанағаттандырмайды. Сондықтан осы мәселені реттеуді сұрады. Осыған байланысты Ақтөбе қаласындағы «Қазақстан темір жолы» мекемесіне қарасты «Жүк тасымалдау» және «Теміржол су» мекемелерімен қосымша жұмыстар жүргізілетін болады.

Егерде бұл мәселе жауапты теміржол мекемелері арқылы шешімін таппаса, «Коммуналшы» мекемесіне алып берілген арнайы құрылғының көмегімен разъездге су ұңғымасын қазып, үстіне жаңа қондырғы орнату мүмкіндігі қаралатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанға Еуропадан керқұлан жылқылары жеткізіледі

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңа салықтар енгізіледі

admin_mugalzhar

Президент дәрігерлер мен жаттықтырушылардың жалақысы неше есеге өсетінін айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.