«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАНҒА КЕЛДІ

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына келді. Сапар аясында облыс басшысы өткен жылғы жұмыс барысымен ауданға келген кезінде берген тапсырмасына сәйкес Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының орындалуын қарады.

Ауыспалы кезеңмен жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары 2021 жылы басталған болатын.
Күрделі жөндеу жұмыстары аясында мектеп ғимаратына ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары, терезе, есік, еден алмастыру, жылу, су, кәріз жүйелерімен электр желілері жаңартылатын болады.

Қазіргі таңда мектептің жертөле бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірнеше кабинеті жаңартылды. Толық жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталады. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Алихан ойл З» ЖШС-і жүргізуде.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА АТАНДЫ

admin_mugalzhar

«АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ»: ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ ВНОСЯТ СВОЙ ВКЛАД В РАЗВИТИЕ СЕЛА

admin_mugalzhar

Жария пікірсайыстың алғашқы күні

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.