«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ МӘН-ЖАЙЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұхтар Жұмағазиев пен Бауыржан Қаниев Мұғалжар ауылының тұрғындарымен кездесіп, жалпыхалықтық референдум туралы оның ішінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер және күтілетін нәтижелері туралы кеңінен түсіндіріп, ауыл тұрғындарының пікірлерін тыңдады.

Сондай-ақ сенаторлар Мұғалжар ауылына жүргізіліп жатқан газ тарту жұмыстарының сапалығын қарады.
380 үйі, 1730 тұрғыны бар Мұғалжар ауылына 40 шақырым болатын Ембі қаласынан тартылып жатқан көгілдір отынды сенат депутаттары уақытылы әрі сапалы жеткізілуін тұрақты қадағалайтындарын жеткізді.
Бұл жұмыстарды «Әлия-Сервис» ЖШС-і жүргізуде.

Ұқсас ақпараттар

«ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Референдумның түпкілікті нәтижесі белгілі болды

admin_mugalzhar

2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar