Хоккейден әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Финляндия құрамасы канадалықтарды қосымша уақытта жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
Финляндияның Тампере қаласында өткен кездесудің негізгі уақыты 3:3 (0:0, 0:1, 3:2) есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Микаэль Гранлунд (45 және 46-минуттар) дубль жасады, Йоэль Армия 55-минутта тағы бір шайба соққан. Канадалықтардан Дилан Козенс (25), Зак Уайтклауд (58) және Максим Комтуа (59) көзге түсті. Овертаймдағы жеңіс голын 67-минутта Сакари Маннинен соқты.
Финляндия құрамасы тарихта төртінші рет әлем чемпионы атанды. Финдер қазіргі Олимпиада чемпиондары.
Канада мен Финляндия құрамалары әлем чемпионатының финалында осымен үшінші рет ойнады. Өткен жылы канадалықтар қосымша уақытта – 3:2 есебімен жеңіске жетсе, 2020 жылы пандемияға байланысты турнир өткізілмеді, 2019 жылы финдер 3:1 есебімен жеңген еді.